"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Партизанка ауылының жалпы орта білім  беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Партизанка отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области" 

Әлеуметтік желілер

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Партизанка ауылының тарихы

Патша Ресейдің         орталық губерниялардың шаруалары аштықтан және мұқтаждықтан Ресейдің шеткі жерлеріне өз бақытын іздеуге  аттанды.Қазақстанға Самара,Пенза губернияларының шаруалары бос жерді іздеп жүрді. 1899 жылы  сонау Аршалы деген өзеннің бойына келіп Царицыно қазіргі кезде Партизанка ауылы қаланды.Біздің ауыл Самар,Саратов,Уфимск,Сімбір,Орынбор,Пенза губернияларынан келген шаруалардан құрылды.Данила Казаковтың ұсынысы бойынша ауылға Царицыно деген ат берілді. Жақын арадағы темір жол бекеті ауылдан 350 км орналасқан.

1899 алғашқы үш жанұя жер үйде қыстады.Басқа отбасылар 1900 жылы қоңыс аударды.Кейбір отбасылар 1901,1911-13 жылдары келді.1914 жылы ауылда 120 үй болды, халық саны-600 адам.Фастрицкий деген азаматтың үйі ерекше болды.Сауатты адамдардың ішінен тек қана  Фастрицкий және Волков болды.

Шаруалардың жұбанышы шіркеу болатын, шаруалар ол жерге дұға етіп жүрді.Жеке меншік сауда жасайтын жер тек қана  Чурсин және Палагин болды. Аурухана тек қана Кокчетав қаласында болды.Медициналық пункті тек қана Николаевкада болды.

Таң атқаннан кешке дейін кедейшілік  көрген шаруалар өздерінің балаларына жақсы өмір аңсап, 1908 жылы  алғашұы мектеп ашылды. 4 сыныпты аяқтаған Василий Соколовты жалдап балаларға мектеп ашып ол кезде 12 баланы оқытты.Ол мектеп 12 жыл бойы балаларға білім беріп,1920 жылы бастауыш мектеп ашылды.

27 ақпан 1917 жылы патшалық құлады, антикеңестік көтеріліс туып, 1918 жылы  қараша айында Колчак басқарған қанды режимі басталды.

1919 жылдың сәуір айы Волга өзенінің  бойында қанды қырғын болып жатты.Сол Кезде Колчаққа қарсы бүкіл Сібір және Қазақстан аумақтарында қарулы көтерілістер болды.

Костанайдан кейін Ишим маңайындағы көтеріліс басталды, оның орталығы Мариинское ауылы болды.

Патша үкімітенен гөрі Калчак басқарған диктатурасы екі есе қатал болды.

Ол кездегі Колчақтын барлық ауылдардан жаңадан солдаттарды жинаудан бастады, халықтың малын,мүлкін алып бастады, халық мұндай азапты қаламаған халық колчактың саясатына қарсы болып, мұның бәрі көтерліске ұласты.1919 жылдың сәуір айында Колчак әскеріне жұмылдыру басталды. Царицыно ауылынан 30 адам шақырылды. Орманда солдаттар тоқтап Колчаққа қызмет етпей, оған қарсы соғысамыз деген шешімге келді.Бұл келесі шақырылғандар:

Нефедов Яков,

Назаров Федор,

Ағайынды Озеров Иван и Трофим,

Казаков Филипп и Яков,

 Свинолобов Антон,

Шатский Иван и Василий

Дорохов Павел

Мариновка партизан жасағы құрылғанын жайлы бұл адамдар біліп, ол жасақтың ұйымдастырушы Олейнников Иван Андреевич.13 мамыр 1919 жылы  генерал Волков басқаруымен колчаковтар солтүстіктен қорғанысты бұзып,көшеде қанды жекпе-жек болып партизандар аяғына дейін соғысып өздеріннің ерліктерін көрсетті.Күштер басым болды да,жаулар ауылды басып алды. Ол кезде Мариновка ауылында 3000 мың адам қайтыс болды.Көптеген  үйлер өртеніп кетті.

 Мариновка көтерілісінде 22 адам қаза тапты. Олардың ішінде:

Абузов Степан Данилович,

Алтунин Василий Петрович,

Алтунин Иван Егорович,

Галаков Андрей Афанасьевич,

Дарашенко Андрей,

Казаков Филлип Данилович ,

Шацкий Иван Перфирьевич,

Братья Еремины Степан и Фадей,

Лигостаев Федор Христофорович,

Нефедов Яков Иванович,

Назаров Федор Игнатьевич,

Черевков Иван Григорьевич,

Шацкий Василий Федорович,

Озеров Никифор,

Карунин Гаврил Васильевич,

Логинов Митрофан ,

Савков Михаил Иванович,

 Савков  Андрей Матвеевич,

Савков Андрей Никитович,

Савков Никифор Варфоломеевич,

Дьяков Иван Федорович.

Олардың есімдері барлық өмірге қалды.  Н. Свинолобов Партизанка ауылының айтуы бойынша Т. Озеров және А. Свинолобов Станица және Ишим өзендері арқылы жазалайтын жасақтан қалай қашқандарын айтып берді.Көтеріліс аяқталғаннан кейін барлық қатысушылар қатаң жазаға тартылды Суворовка ауылының тұрғындарын жазалайтын жасақ қатты соққыға жықты.Бұл келесі адамдар: И.И. Афанасьев, М.И. Асташкин, М.А. Берестовой, М.Н. Жбанов, М.Г. Русаков,  А.П. Мамурин, В. Мироненко, М. В. Копанев, Н. М. Корякин, Ф.Н. Никишкин, Г. Т. Парамонов, В.А.Живица, П.И. Сыч, М.Г. Минайчев, А.П.Комков Е.Н. Грачев, А.К. Гаврилятов, Б. Савков, С.А. Мельников, Д.Е. Казаков, З.П. Шатский, Н. М. Никитин осы адамдарды жазалайтын Суслов тізімнен оқып, ауыл тұрғындарына ауылдың шетінде мола қазуға бұйрық берді. Кінәсі жоқ 22 адам қаза тапты.Жаман істерін аяқтап жасақ Капитоновка ауылына беттеді, содан кейін Колчактың билігі құлап қызылдар 8 қараша 1919 жылы барлауға келді. Барлық  22 ауыл тұрғындарының денелері тиісті рәсіммен жер қойнауына тапсырылды. Бұған Суворовка,Будновка,.Журавлевка т.б ауылдардың тұрғындары қатысты.1924 жылы жерленген жер орталыққа ауытырылып 24 атылған партизандардың фамилиялары обелиске жазылды.Сол уақытта ауылдық ревком құрылып  ревкомның төрағасы болып Озеров Кирсан Васильевич болып сайланды.1925 жылы Царицыно ауылында кооператив құрылды.1927-28 алғашқы дүкен ашылды. Наш путь-атты колхоз құрылды, төрағасы ЧЕРНОВ А болды, ал 1930 жылдан бастап Гаврилятов К болды. Бұрыңғы шіркеу ауыл клубына айналды.1933 ауыл тұрғындарының сұрауы бойынша ауылға Партизанка атағы берілді.1957 жылы Аманкелді совхозы құрылды. Совхоз 128 трактор,96 автокөлік және 40 комбайыны болды.Жаңа көшелер бой көтеріп, автогараж, МТМ, , электростанция, автогараж, нефтебаза, наубайхана ашылды. Аурухана 35  орынға, Мәдениет үйі 300 орынға,мектепте 600 оқушы оқып жүрді.1985 жылы В.И Ленинге арналған ескерткіш және ҰОС-на қатысқан жауынгерлерге арналған ескерткіш ашылды.

 

Ортақшыл аулының тарихы

Қамқа ауылы, Елібай-Тәтібай ауылы, Жәнібек-Тінібек ауылдары қазіргі кездегі ауылдық округі тұрған жерде болған.

Советтік үкімет болған кезде халық өз жолымен дамып келе жатты. 1929-30 жылдары  осы жерде 3 колхоз болды Елтай,Ортақшыл,Теңдік.

Ірі колхозды құру үшін ең қолайлы қазіргі кездегі  Ортақшыл ауылының жері ыңғайлы болды сондықтан 1936 жылы бір үлкен колхоз Ортақшыл құрылды. Колхозда үш бөлмелі мектеп ашылды, мұнда балалар бастапқы білім алып жүрді.

1950 жылдары Мат және Ортақшыл ауылдары бір ірі қожалыққа айналды.Оның атауы Аманкелді

1957 жылы Партизанка және Аманкелді  атты жаңа совхоз құрылды.Бұл совхозға Мат,Ортақшыл,Партизанка ауылдары кірді.Орталығы Партизанка ауылы болды.Сол кезден бері Партизанка және Ортақшыл ауылдарының тарихы бір бағытта жүрген.

1976 жылдың күзден бастап Аманкелді совхозы Макин РСХО деп атала бастады.Совхоздың негізгі бағыттары мал өсіру және егін отырғызу болды.1977 жылы Мат ауылы «Карамышевский» -атты совхозына аударылды.7440 ірі қара мал,көптеген орылатын жер болды.Ол кезде совхозда мектепке дейінгі мекеме,орта мектеп,аурухана,мәдениет үйі,сауда үйі,асхана,наубайхана болды. 1997 жылдың  наурыз айынан бастап ТОО Партизанское –атты  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылды

 

                                             

 

Жаңартылған күні: 05.08.2016 15:08
Құрылған күні: 16.11.2024 19:57

Текст