"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Партизанка ауылының жалпы орта білім  беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Партизанка отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области" 

Әлеуметтік желілер

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Хабарландырулар және байқаулар

«Абай әлемі» республикалық байқауын өткізу ережесі

  1. Жалпы ережелер
  2. Ұлы ақын, композитор Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған

«Абай әлемі» республикалық байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізу ережелері оның мақсатын, міндеттерін және өткізу тәртібін анықтайды.

  1. Байқаудың мақсаты: қазақ халқының ұлы ақыны, композиторы Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын насихаттау, өскелең ұрпақтың рухани- адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру және музыкалық қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
  2. Міндеттері:
    1. Абай Құнанбаевтың ән мұрасын орындаушылық өнер арқылы дәріптеу;
    2. қатысушылардың музыкалық шығармашылығы мен орындаушылық шеберлігін дамыту;
    3. талантты оқушыларды анықтап, қолдау көрсету, олардың кәсіби бағдарын айқындауға ықпал ету;
    4. қазақ музыкасының ұлттық құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.
  3. Байқауды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы қашықтық форматта өткізеді.
  4. Байқауды ұйымдастырушылар ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының құрамын қалыптастырады, байқауды өткізеді және қорытындылайды.

2.Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі

  1. Байқау 2025 жылғы 16 сәуір – 23 мамыр аралығында өткізіледі.
  2. Байқауға қатысу үшін 2025 жылғы 15 мамырда сағ. 18.30-ға дейін konkurs.muz@mail.ru электронды поштаға мына материалдарды жіберу қажет:
    1. 1-қосымшаға сәйкес өтінім;
    2. сканерден   өткізілген   төлемақы   құжаты    (түбіртек   немесе    төлем тапсырмасы);
    3. www.youtube.com каналында орналастырылған бейнематериалға сілтеме.
  3. Байқауға 2025 жылғы 15 мамырдан кейін түскен және Ережеге сәйкес келмейтін байқау материалдары қарастырылмайды.
  4. Байқау  қорытындысы,  дипломдар,  сертификаттар  2025   жылғы  23 мамырда www.ziyatker.org сайтында орналастырылады.
  5. Ұйымдастырушы Байқауды өткізу мерзімін ұзартуға құқылы.
  6. Байқауды ұйымдастырушылар байқау материалдарын авторды көрсете отырып, әлеуметтік желілерде жариялауға құқылы.
  1. Байқауға қатысу үшін жеке орындаушылар 2 500 (екі мың бес жүз) теңге, ансамбльдер (әр қатысушыға) – 1 500 (бір мың бес жүз) теңге жарна енгізу қажет.

Төлемақы:

  1. барлық банк немесе Қазпошта бөлімшелерінде келесі реквизиттер арқылы жүргізіледі.

Қазақстан   Республикасы    Оқу-ағарту   министрлігінің    «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК (резидент: 19).

БИН 990140004733

ИИК KZ918560000005068448 БИК KCJBKZКX

Кбе 16

АО БанкЦентрКредит

Төлемақы аталуы «Абай әлемі» байқауы.

Қатысушының аты-жөнін, тегін толықтай көрсету қажет (жіберуші – Резидент:19).

  1. Kaspi.kz арқылы жүргізіледі:1) Kaspi.kz тіркелу; 2) «Платеж» бөлімі 3)

«Доп. образование»; 4) «Мектеп» 5) «Республикалық қосымша білім беру оқу- әдістемелік орталығы» (Астана қ., Кенесары көшесі, 40); 6) қатысушының деректерін және төлем сомасын енгізуге; 7) сынып деген жерде кез келген санды жазу; 8) кезең деген жерде айды көрсету; 9) төлем түрін көрсету (Kaspi gold,);

10) төлем жаса


Текст