"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Партизанка ауылының жалпы орта білім  беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Партизанка отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области" 

Әлеуметтік желілер

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Отбасым-тірегім"-атты сынып сағаты

22.01.2021

«Ата-анам  - тірегім» -атты сынып сағаты.

Мақсаты: Балалардың отбасы, жақын туыс адамдарын сүю, отбасылық қарым - қатынас құндылықтары туралы түсінігін кеңейту.Отбасы- отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, балаларды ынтымақ пен ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.

 

Барысы:

Балалар, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Отбасым – қорғаным, ата-анам - тірегім» деп аталады. Сабақ барысында біз отбасы, адамға ең қымбат, ең жақын адамдар туралы, олардың мейірімділігі, сүйіспеншілігі туралы, имандылығы туралы сөз қозғаймыз.

Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке шаңырақ иесі.Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел – отбасының ұйтқысы. Баланы өсіп тәрбиелеу- ата-ана міндеті.Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі.

І. Ассоциация. 

- «Отбасы» сөзінің әр әрпіне сөз жазып шығу;

- «Бақытты отбасы» кластер толтыру.

 

ІІ. Бұл кім? Туыстық атауларын атау.

  • Ағаның әйелі (Жеңге);
  • Әпкесінің күйеуі (Жезде);
  • Шешенің шешесі (нағашы әже);
  • Әйелінің сіңлісі (балдыз);
  • Апалы-сіңлілердің күйеулері (бажа);
  • Ата-ананың ұлынан туған бала (немере);
  • Апалы-сіңлілердің балалары бір-біріне (бөле);
  • Ағалы-інілердің келіншектері (абысын).

 

ІІІ. Мақал-мәтелдерді аяқтау.

  1. Атаға қарап - ..............., анаға қарап - ..................
  2. Ананың көңілі балада, ..........................
  3. Ата-ананың қадірін - ................................
  4. Атаның баласы болма,............................. ( халықтың баласы бол)
  5. Ұяда не көрсең , ....................................( ұшқанда соны ілерсің)
  6. Балалы үй базар, ..................................( баласыз үй қу мазар)
  1. Ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон пішер)
  2. Ананың сүті – бал, ................................( баланың тілі – бал)
  3. Ата- бәтерек, ..............................................
  4. Анаңа ауыр сөз айтпа, ...............................( атыңа ауыр жүк артпа)
  5. ............ – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)
  6. Інісі бардың тынысы бар,.............................. (Ағасы бардың жағасы бар.)

 

ІV Отбасындағы жағдайлар.

  • Мектепте бұзықтық жасағандықтан, сынып жетекшің үйге келіп, бәрін ата-анаңа жайып салады. Анаң әкеңнің алдында сені қорғаймын деп, екеуі ұрысып қалады. Тіпті екеуі бір-бірімен сөйлеспей қояды. Сенің әрекетің...

 

  • Сенің достарың бәрі де ауқатты отбасынан шыққандар. Бірінің ата-анасы  банкир болса, екіншілерінің өз фирмасы бар. Сен барлық достарыңның туған күнінде болдың. Жақында сенің де туған күнің болады,оны достарың да асыға күтуде. Ата-анаңның қаржылық қиындықтары болса да, несие алып, туған күніңді мейрамханада тойламақ. 

 

  • Сенің жақын досың, сырласың бар. Тіпті бүкіл құпия, сырларыңмен де бөлісесіңдер. Ол сені туғандарыңнан да артық түсінеді. Бірақ ата-аналарың араласпайды, дұшпан десек те болады. Олар сендердің дос болғандарынды қаламайды.

V «Соқыр ана» жазбасын тыңдау. Ой толғау.

VІ.  Балаға кеңес. Бейне қарау.

Отбасының ордасын,
Періштелер қорғасын
Тіккен әр бір отауға, 
Тәңірің жақсылық жолдасын.
Асқар тауы –сүйеніші әкесі
Мөлдір бұлақ тіреуіші анасы
Жасыл құрақ- келешегі баласы
Бірге олар болады мықты отбасы

Отбасыларыңызға бақыт, береке және бірлік тілеймін!

 

 

 

 

Просмотров: 3151


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст