"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Партизанка ауылының жалпы орта білім  беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Партизанка отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области" 

Әлеуметтік желілер

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сынып сағаты

28.06.2021

Тақырыбы: Тазалық денсаулық кепілі
Мақсаты: Табиғат-Ананы қорғаудың әр адамның міндеті екенін ұғындыру.
Міндеттері: 1.Экологиялық проблемалар және оларды шешу жолдары туралы түсініктерін кеңейту.
2.Шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге
дағдыландыру
3.Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу,экологиялық тәрбие беру.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақтаға әзірленген слайдтар, табиғат туралы нақыл сөздер, суреттер.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру,сұрақ-жауап,тілек айту,пікірлесу,
шығармашылық жұмыстар
Тәрбие сағатының барысы:
І. Ұйымдастыру. Ширату. «Жер, су, ауа» ойыны.
Табиғат дегеніміз не? «Топтастыру» (жазғандарын түсіндіру)
Бейнеролик қарау «Табиғат – адамзатқа аманат». Ой түйіндеу.
-Осы бейнероликті көріп отырып, қандай ой түйдіңдер?
-Не сезіндік?
-Көңіл-күйімізге қандай әсер берді?
Күнде таңертең сендер ояна салысымен , терезені ашып Табиғат-Анаға көз салып қарайсыңдар.Дәл бүгінгі күні табиғат-Ана бізді несімен қуантты, бізге не айтады?
Табиғат - адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз.Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық!
ІІ. Негізгі бөлім.
Экология деген не? (оқушылар пікірін тыңдау)
Экология - «эйкос» - үй, «логос» - білім – қоршаған орта туралы білім деген сөзді білдіреді. «Экология – тірі организмдердің бір — бірімен қарым – қатынасын қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым.
Эколог маман деген кім?
Эколог адамның өмірімен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауға ондағы құстар, өсімдіктер, жануарлар және адамдар өмірін қорғайтын, ауа мен судың ластанбауына көмектесіп, қорғайды.
Қазақстан Еуразия құрлығының орталық бөлігінде кең байтақ жерді алып жатыр. Ол жердің аумағы жөнінен дүние жүзі бойынша 9 орында. Қазақстанның табиғат байлықтары сан алуан. Қазіргі таңда Қазақстан дүние жүзіндегі экологиялық зардаптарды көп көріп отырған мемлекеттің бірі. Адам өзіне керектің бәрін табиғаттан алады. Табиғаттың өзгеруінен елге экономикалық, әлеуметтік шығындар келеді. Жер климаты өзгереді. Осыдан барып экологиялық қауіп пайда болады.
Қоршаған ортаның экологиясын зерттейік.
Ол үшін бейнероликті тамашалайық. «Қазақстан және экология»
(экология Казахстана)
–Осы заманғы экологиялық апаттың көлемін қарастырайық. Экологиялық проблемалар: ауаның ластануы, судың тартылуы, орманның жойылуы, жануарлардың азаюы, жер бетінің (қоршаған орта) өзгеруі
-Жыл сайын 1млн гектардан астам алқаптың орманы жойылуда. Ғаламшар алдағы 10 жылдықта–ақ оттегінің басты көздерінің бірінен айрылуы мүмкін.
-Жиналатын қалдықтар көлемі ұдайы өсіп келеді. Егер қажетті шаралар қолданылмайтын болса,10-15 жылдан кейін қалдықтар жер бетіне 5 метрлік қабатпен жауып қалатыны есептеп шығарылған.
Бейнеролик «Заң және біз». Топтарға тапсырмалар беру.
І топ. Қоқыстарды азайту үшін не істей аламыз?
1.Бір рет қана пайдаланылатын заттарды сатып алмауға тырысыңдар.
2.Белгілі бір затты сатып аларда оның өзіңе шынында да аса қажеттігін
ойланыңдар.
3.Әлі де жөндеп алуға болатын заттарды лақтырып тастауға асықпаңдар.
4.Қораптарын қабылдау пункттеріне тапсыруға болатын өнімдерді алуға
тырысыңдар.
ІІ топ. Қоқыстарды қандай әдіспен жою керек деп ойлайсыңдар?
Пікірлерін айту.
( Өртеу, көму, өңдеу немесе қоқыс шығаруды азайту т.б.)
Заттардың толық айырылып, шіріп кетуі:
Қағаз 2-10 жыл
Консерві банкалар 80 жыл
Полиэтилен 200 жыл
Пластмасса 500 жыл
Шыны 1000 жыл
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат,
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.
Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ . Адам бар –жоғы бір-екі минут ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда « Ауадай қажет» деген сөз бар. Бірақ сол ауамыз қаншалықты таза екеніне ешкім толық жауап бере алмайды. Өзіміздің Ақтөбе қаласын алып қарасақ, қаланың үстінен қою бұлт сияқты тұманды көреміз.Автокөліктен, завод, фабрикадан шыққан түтіндер ауамыздың мөлдірлігін бұзады. Сонау 1949 жылдардан бастап Семей даласында ядролық қару жарылып, сол газдар ауаны улады. Сол ауамен дем алған қаншама адам ауруға ұшырады. Сонда адам баласы біріншіден, Табиғат-Ананы ренжітсе , екіншіден өзіне -өзі қастандық жасады.Түрлі аурулар пайда болды. Мен сөзімнің соңында адамдарға былай демекпін: Ей, адамдар, Табиғат –ана саған дем ал деп ауаны сыйлады, өйткені ол өте мейірімді. Сен оның сенімін ақта, ауаны ластама!
Ал тіршілікті сусыз елестету мүмкін бе?
Мен «Тіршілік көзі –сумын». Табиғаттың көркін ажарландырып , жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзімін. «Судың да сұрауы бар» дейді дана халқымыз. Қазақстан Республикасында мол сулы өзендер, көлдер теңіздер бар осы мол суды өлшеусіз, есепсіз пайдалану судың азаюына әкеп соғып отыр. Мысалы Арал теңізіне Сырдария өзені мол су әкеп қоректендіріп отырды. Кейінгі уақытта осы өзен суын көп мөлшерде күріш, мақта өсіруге пайдаланды. Соның салдарынан Арал теңізінің суы азайып, ол тартылып қалды. Тартылған су астынан тұзы шығып, кеуіп, ұшып ауа құрамына кіруде. Арал аймағының жағдайы осындай болды Ал Каспий теңізі мұнайдың қалдығымен ластанып, балықтар улануда. Міне бұл да адам қолымен жасалған қатыгездік. Көп жерлерде ауыз су жеткіліксіз. Адамзат баласы суды үнемдеп, таза ұстайықшы.Су –табиғаттың жаны, қара жердің сәні дедік.
Ал мен табиғатты әдемілікке бөлеп тұрған «Табиғат байлығы –өсімдікпін». Өсімдіктер табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша тал қалсын» деген көрнекті сөз соның айғағы. Ысырапсыз пайдаланғандықтан өсімдіктердің кейбір түрлер азайып бара жатқандықтан олардың 500-ге жуығы Қызыл кітапқа енгізілді. Елімізде сонымен қатар « Жасыл ел» бағдарламасы бойынша көптеген істер атқарылып жатыр. Менің ойымша, әрбір азамат оларды қорғаудың маңызын саналы түрде ұғынбаса , біздің керемет жасыл бағымызды ешқандай тиым салу құтқармайды. Сондықтан мен осы отырған барлығыңызды өз өлкелеріңіздің өсімдіктерін біліп, оларды қорғауға шақырамын.
 Ал сол әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін «Орман сәні -құстар».Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар.Олардың әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар –біздің қанатты достарымыз. Олар –табиғат сақшылары. Егістіктің, бау-бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата-бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын аққуға теңеген.
Қазақстанда құтардың 480 түрі бар екен. Соның ішінде азайып кеткен құстар Қызыл кітапқа енгізіліп, қорғауға алынды. Ата-бабамыз құсты аса қадірлеген.Ертеде жоңғар шапқыншылығы кезінде ауыл адамдары елін-жерін тастап қаша жөнелген екен.Сол ауылда Төле би атамыз ғана қозғалмай,киіз үйін жықпапты.Қалмақтың әскер басы себебін сұраса,Төле би үйінің төбесін көрсетіпті. «Қарлығаш шаңырағыма ұя салды,балапандары әлі жас, ұша алмайды» депті.Жас әскер басы Төле бидің адамгершілігіне риза болыпты. Ал қазір біз ата-бабаларымыз секілді құстарға жанашырлық танытып жүрміз бе?
Құстарды табиғаттың әні десек, табиғаттың сәнін келтіретін нелер? Олар - табиғаттың сұлу мүсіні хайуанаттар. Халқымыз ежелден-ақ жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа алған көздері мөлдіреп тұрған қыздарын «Ботагөз» деп атаған.Бүгінде орманның сәнін келтіретін жан-жануарлар азайып келеді. Соның бірі қазақ жерінде тас дәуірінен бері тіршілік келе жатқан ғажайып хайуанаттар өкілі –Ақбөкен болып табылады. Оны халық көбіне киік деп атайды. Оны мүйізі үшін аулап, азайттық. Бүгінде ақбөкенді, жалпы қарақұйрық, құлан, арқар т.б аңдарды қорғау үшін түрлі қорықтар құрылып ,түрлі жұмыстар жасауда. Менің ойымша, адамдардың осындай қамқорлығының, мейірімділігінің арқасында орманымыз қайтадан әдемі аңдарға толатынына сенемін.
IV. Ой-толғау
Бейнеролик «Табиғат үн қата алса...».
VI.Қорытынды.
Табиғат-Ана адамзат баласына бар қажетті нәрсенің барлығын да беріпті.Ол бізге дем алсын деп ауа берді,ішсін, бар қажеттіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады, орман-тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен әдемі аңдарын берді, қысқасы біз өмірге қажеттінің бәрін Табиғат- Анадан алады екенбіз. Мұны ата-бабаларымыз ертеден-ақ біліп айтқан.

Просмотров: 262


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст