"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Партизанка ауылының жалпы орта білім  беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Партизанка отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области" 

Әлеуметтік желілер

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Тулеубаев Б.Ж. шеберлік сыныбы

15.11.2021

«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Партизанка ауылының жалпы орта білім  беретін мектебі» КММ

 

 

"Ойын технологиясы арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту жолдары"

шеберлік сыныбы

 

Тулеубаев Бекзат Жанатович

 

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

 

 

 

 

Аннотация

Оқушыларға қазақ  тілін үйретуде ойын технологиясы, соның ішінде сол әдістің белсенді қолданылуы қарастырылады.Оқыту процесінде бастауыш және орта сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеті ол ойлау мен сөйлеу әрекетінің біріккен процесі ретінде анықталып, ол білім берудің материалдық негізі болып табылады.Әрбір оқушының даму кезеңі жеке тұлғаның қалыптасуының сапалы айқын кезеңі болып табылады

I.Кіріспе

Бүгінгі күнде республикамыздың әр түкпірінде ауылдық  мектептер жетерлік. Өз басым ауылдық жинақталған мектепте жұмыс жасаймын.  Ауылдық мектептің қазіргі атқарып отырған міндеті өте зор, өйткені жас буынға білім-тәрбие беретін негізгі білім мекемесі. Шағын жинақталған мектептердің көбісі ауылдық жерлерде орналасқан. Ал, ауыл біздің тарихымыз, экономиканың ірге тасын қалайтын өзегі. Жалпы, шағын жинақты мектептер ерте заманнан бері пайда болған, бұны біз К.Д. Ушинский және де ұлы чех педагогі, дидактика негізін қалаған Я.А. Коменский, бүгінде XXI- ғасырда да бұл мектептер өмір сүріп келеді.

Мектеп құрылымы өзгеше айтылғанымен, басқа мектептерден оқу-тәрбиелік жұмысы ерекшелігі жоқ. Шағын жинақты мектеп аясында оқу менен қатар тәрбие жұмысы де қатар жүреді. Тәрбие жұмысы келесі бағыттардан тұрады:

Сабақ барысындағы тәрбие

Сабақтардан тыс тәрбие жұмыстары

Елді мекеннің қоғамдық жұмыстары.

Еліміздің тәуелсізідігіне биыл 30 жыл  толды. Бұл арада білім саласында көптеген өзгерістер болды. Бүгінгі таңда өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілі мектепке дейінгі мекемелерден бастап оқытылып жатыр. Басты мақсат:

болашақ ұрпаққа қазақ тілін құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу,бұл орайда оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптарға сабақ беретін мұғалімдерге үлкен жүк артылған, өйткені баланы қазақ тілінде сусындап сөйлетуге және де оқуға деген құштарлығын ояту, әрине, педагогтің  шеберлігіне байланысты. Ал ұстаздар өздерінің сабақтарын қызықтыру үшін көптеген әдіс-тәсілдерді іріктеп, оқыту технологияларын пайдаланады. Мен өз басым ауылдық жерде жұмыс жасағандықтан және де оқушыларымның барлығы  бастауыш сынып оқушылары болғандықтан, менің жұмысыма өте ыңғайлы технологиялардың бірі – ойын арқылы оқыту, яғни ойын технологиясы.

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын және тілдерін дамыту үшін таптырмас технология түрі.

 

II.Негізгі бөлім

 Белгілі орыс педагогі Олег Семенович Газманның айтуы бойынша ойнның негізгі энергетикалық көзі-қарым қатынас, яғни оқушылар сабақ барысында құр жаттанды түрде дайын білімді алып, зерігуіне жол бермей, өздері сабақ үстінде білім алып, оны практика жүзінде пайдалануға мүмкіндік алады.Ойын- оқу процессіндегі оқытудың және әдістің түрі болып табылады.Ойын оқушы мен мұғалімнің өзара әрекеттесуі барысында мақсатқа жететін жұмыс түрі деп айтуға болады.

Ойынның мақсаты:

-бағдарлама аясында меңгеретін білім,білік,дағдыларды – пысықтау, жинақтау

Ойынның міндеті:

-сабақ барысында оқушылардың қызығушылықтарын, назарларын арттыру

дидактикалық ойындар – белгілі бір мақсатты көздеп, оның орындалуына бағытталған

Ойындар сабақ басында үй жұмысын тексеруге, сабақ ортасында сергіту үшін, сабаққа ерік-жігерлерін жоғалтпау үшін, сабақ соныңда тақырыпты бекіту үшін, жеткен жетістіктерін көрсету үшін пайдаланылады.

     Ойын түрінде құрылған сабақтың оқу процесіндегі басымдықтары – жеке тұлғаның       жан-жақты дамуын көздейді. Бұл орайда білім алу сабақ барысында бір-бірімен ұштасқан сабақ бөлімдері оқушыға бағытталып, сабақ аяғында оқушылар орасан жетістікке жетеді.Ойын арқылы оқыту процесінде қарым – қатынас жасау  ,сондай-ақ педагогтің рөлі, ол сабақты ұйымдастырушы ретінде,үйлестіруші және кеңесші ретін атқарады.Ойын барысында сыныптағы әр оқушы назардан тыс қалмайды,әрқайсысынан сабаққа қатысып, өз бойындағы шығармашылығын ашуға тырысады.Ойын барысында әр оқушының  шығармашылығын ашу,жетілдіру үшін, мен түрлі жағдаятты, шығармашылықты талап ететін тапсырмаларды пайдаланамын. Ойын- балалардың оқуға деген уәжін көтеретін негізгі құрал болып табылады.Сондықтан да бастауыш және де даярлық сынып оқушыларына сабақ үстінде ойын қажет.Әр мұғалім өзі сабақ беретін сыныптарына ойын түрлерін таңдайды, мысалы даярлық сыныбы болса мазмұны түсінікті және  ережелері жеңіл болатын ойын өткізу керек, ал сынып жоғарлаған сайын ойын мазмұнын күрделендіруге кеңес беремін.Бала ойын арқылы білім алып жатқанын білмей қалады, ойын баланы қуаныш пен шатыққа әкетіп, есіне сабақ тақырыбы бойынша жаңа ақпарат келгенін аңғармай қалуы да ғажап емес, сонда ғана ойын және де іс-әрекеттері органикалық бірлікте болады, бұнын бәрі әрине мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Сабақ барысында  тәрбие жұмысы да қатар жүреді,қазіргі кезде «Рухани жаңғыру» бағдарлама аясында ұстаздар қауымы көп еңбек етуде ,болашақ ұрпаққа тарихымыз жайлы көптеген ақпарат қалдыруымыз қажет, сондықтан сабақ үстінде мен қазақ халқының ұлттық ойындарын өткіземін, ойындар арқылы оқушылардың білімдері толып, әлеуметтік-экономикалық жағдай жайлы ақпарат алуға, күнделікті өмірлерінде пайдалануға қолайлы жағдай жасау.Қазіргі жаңартылған бағдарлама аясында мектеп оқушылары әлемдік бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, өзінің жасаған әрекеттеріне лайықты баға беретін тұлға болу өсуі қажет.

  Бүгінгі таңда ойын мазмұнына қарай төмендегідей жіктеледі:

- рөлдік ойындар

- дене шынықтыру ойындары

- дидактикалық ойындар

- іскерлік ойындар

III.Практикалық нәтижелер

Жаңаша оқыту- оқу үрдісіндегі  дәстүрлі түрде мұғалім жаппай сөйлемей, керісінше оқушының тілін дамыту. Бүгінде мен сабақтарымда өзім топтастырған, яғни өз оқушыларымның жас екрекшеліктеріне қарай, ойын түрлерін іріктеп алдым. Ойындар түрлерінің кейбірлері:мысалы, даярлық сынып оқушыларына 1-10 дейін сандарды меңгерту үшін мен «Көңілді доп» ойынын өткіземін.Шарты: оқушылар шеңберге тұрады, мұғалімнің қолыңда түрлі-түсті доп, допты мұғалім кез-келген оқушыға лақтырады, кері сана немесе әрі қарай сана деп айтады, мұндағы басты мақсат оқущы өтілген материалды еске түсіріп, оны практикада қолдану, доп оқушыларда ойынмен, демалыспен ассоциация тұғызады, оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, сабаққа белсене қатыса кетеді.Оқушылардың сөздік минимумын тексеру мақсатында оқушылар арасында «Кім жылдам?»-атты сөздік ойынын жүргіземін. Шарты:  тақтаға өткен тақырып аясында белсенді сөздік қорын жазып, үш оқушыны шақырып, сөздердің аудармаларын сұрап, сөздермен сөз тіркестерін және сөйлем құрастыруға тапсырма беремін, бұндай ойын мұғалімнің шеберлік қобдишасына енсе, яғни мұғалім жүйелі түрде қолданылса нәтиже берері анық.

Сабақ ортасында оқушылардың бойларын жазу үшін  «Қай түс?» -атты ойын қолдануға болады. Шарты: оқушыларға түстердің атауын қазақ тілінде қайталау,пысықтау. Мұғалім қандай түсті атаса сынып бөлмесіндегі  керекті түске барып тұра қалады, сыныптағы білім деңгейі төмен немесе есте сақтау қабілеті нашар оқушылар түстердің атауын атағанда білетін оқушылардың артынан үлесіп, сөйтіп естеріңде кейбір ақпарат қалады. Сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру мақсатында  сорбонкаларды пайдалануға болады,яғни бір жағына сұрақ, келесі жаққа жауабы жазылып тұрады, бұл әдіс оқушылардың зейінін шоғырландыруға арналған, сабақтың басында көп пайдаланылады.

 Жалпы қимыл ойындары тек тілді меңгеруге емес, оқушының жүгіру,секіру,лақтыру,қағып алу қабілеттерін дамытады, сондықтан қимыл ойындары балаға жан-жақты даму талпынысын береді.

Рөлдік ойындар- бұл ойын түрлері ұзақтығына қарай әртүрлі болады.

Мысалы, «Абай мұражайы» немесе «Дүкенде»-атты тақырыпта оқушылар сатаушы мен алушының рөлдерін сомдап білімдерін бекітеді.Ойынның соныңда педагог міндетті түрде кері байланыс жасап, оқушылардың жеткен жетістіктерін айтуы керек. Тұтас оқыту процессінде әрдайым оқушылар бір-бірін бағалап, жетістіктерімен бөлісуі қажет.

Жалпы, ойын технологиясы бастауыш сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдеріне таптырмас технология. Берілген технология арқылы мен келесі жетістіктерге жеттім:

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады;

-оқуға деген уәжі көтеріледі

        -өздерін және сыныптастарын бағалауға үйренеді

-ауызекі тілдері дамиды

-білімді саналы,сапалы түрде игереді

-өздерін еркін ұстауға және өз пікірін айтуға дағдаланады

Бұл технология арқылы білім сапасы жоғарлауына көзім жетті.2018 жылы 50 %,  2019 жылы 54%, ал 2020 жылы 56%  дейін көтерілді және де оқушылардың түрлі сайыстарға қатысу пайызы жоғарлап, сұрақты оқығанда оны түсініп, дұрыс жауап беруге жақсы нәтиже көрсете бастады, бұдан әрі қарай қашықтық олимпиададан оқушылар жүлделі орындарға ие болғаны дәлел.

IV.Қорытынды

 Ойынсыз  оқушыларымыздың ақыл-ойлары дамымайды, ойын арқылы оқушының рухани байлығы арта түсіп, оны тиімді пайдалануға мүмкіндік алады. Ойын технологиясы арқылы сабақ  сапасы артып, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткіземіз.Біз балаларды ойын арқылы оқыта отырып, бізге, ересектерге оқу материалын беру қолайлы болатындай емес,  балаларға ыңғайлы болатындай және оны табиғи түрде алатындай оқытуымыз қажет,сонда ғана нағыз жан-жақты дамыған тұлғаға айналған оқушыға тап боламыз.

 

 

 

V.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Селевко Г.К «Заманауи  педагогикалық технологиялар» 2007 ж.

2.Аксенова А.К, Якубовская  Э.В «Дидактикалық ойындар» 1991 ж.

3.Учительская газета «Игра,как наука» 2007 ж.

4. «Орыс мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиет» 2016 ж

 

 

Просмотров: 524


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст