Сәлем!Құрметті Менің атым Қожа повесінің кейіпкері Қожаберген менің атым Соболева Ольга мен Ақмола облысы,Бұланды ауданы,Партизанка орта мектебінің оқушысымын.Сен менің бала күнімнің сүйікті кейіпкерімсін. Бұл шығарманы біз 5-сыныпқа келген кезде таныстық, бірінші беттерінен-ақ баурап алады. Тура менің өміріммен ұқсас деп айта аламын, өйткені сенің жасың менің жасымменен ұқсас, менде мектеп оқушысы боламын. Шығарманың басты кейіпкерлері менің достарым сияқты болып кетті, өйткені әр оқылған бетте түрлі оқиғалар болды. Жанар,Жантас, Сұлтан әр мінезді, бірақ сен барлығымен тіл табыса алдың. Сенің мінезің әртүрлі болды деп ойлаймын. Шығарманы оқығаннан кейін мен түрлі ойларға үңілдім. Адам өмірі түрлі болады ғой, сен өмір сүрген уақытта адамдар басқа болды деп ойлаймын, өйткені адамдар бір-бірімен жиі кездесіп, адам бойындағы қасиеттерге баса назар аударды, ал мен 21-ғасырда өмір сүремін, біздің уақытта адамдар көбінесе телефонда, компьютерде уақыттарын өткізеді. Сен түскен - «Менің атым-Қожа»фильмін қайта-қайта көре бергім келеді.Сен ақылдысың,онымен қоса, кейде бұзық та болып қалдың.Сенің апайыңынның сөмкесіне салып жіберген бақа туралы оқиға есімнен кетпейтін шығар.Иә, сен әкесіз өстің,ғашық та болдың,армандадың,тіпті мектептен қуылуға шақ қалдың емес пе?Бұл шығарма арқылы тек сені ғана емес,сол замандағы теңсіздік оқиғаларын көріп,біліп қалдық.Сол үшін алғысым шексіз.Жарайсың!Бірақ сізге сұрағым бар.Сен неге тәртіпсіз болдыңыз? Неге Сұлтанмен дос болдың?Және не үшін сен Анфиса Михайловнаны жүрегі алтын адам дедің?Басқа мұғалімдерден айырмашылығы қандай? Керемет әсер үшін үлкен рақмет, сенен қазіргі балалар үлгі алады.Осы кино бізге үлкен тәрбие берді.Мен осыны айту үшін саған хат жаздым, сау бол!