«Жүрегі
таза, ойы азат»- атты Мағжан Жұмабаевтың
125 жылдығына арналған сыныптан тыс
іс-шара
11 желтоқсан күні Партизанка орта мектебінде 7-11
сыныптар аралығында қазақтың ұлы ақыны, «Қазақтың бес арыстың бірі» Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған «Жүрегі таза, ойы
азат» - атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Бұл іс шара қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында өткізілді.
Бұл іс шараның мақсаты: ақын өмірі мен шығармашылығы жайлы түсінік беру,
оқушылардың өлеңге, поэззияға деген құштарлықтарын және мәнерлеп оқу,дағдыларын
арттыру. Оқушыларды поэзияны сүюге, құрметтеуге тәриелеу.
Іс шараның өтілуі барысында ең алдымен
оқушыларға ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірбаяны мен шығармашылығы, өлеңдері туралы
презентация арқылы таныстырып өттім.
Содан кейін ақын туралы интербелсенді
тақтадан «Дегдар Мағжан» атты бейнебаян көрсеттім.
Ақынның Пайғамбар, Күншығыс, Бостандық, Орал сияқты
өлеңдерінен сол кезең көтерген саяси-әлеуметтік, қоғамдық жайлар көтеріледі. Ақын өз өлеңдерінде Шығысты пір тұтады,
қасиетті мекен санайды. Ол өзінің Пайғамбар өлеңінде:
Күнбатысты қараңғылықты қаптаған,
Күні батып, жаңа таңы атпаған.
Түнеріп жүр түннен туған перілер,
Тәңірісін табанына таптаған...деп жазған болатын.
Мағжанның дарындылығын тану үшін оның
кез келген тақырыпта жазылған өлеңдерін алуға болады. Ақын өлеңдерінде мұңды
толғаныс, өзекті өрттер өкініш, қара қайғы, сары уайыммен бірге өршіл
романтизм, жалындаған махаббат, асқақ арман, үзілмейтін үміт астасып келеді.
Ақын өлеңдерінің тақырыбы – туған ел, жер тағдыры, сонымен бірге табиғат,
махаббат, достық тақырыптары.
1929 жылы жазықсыз жала жабылып,
Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалады. Абақтыда болған кезінде Мағжан Жұмабаев
өзінің «Сағындым» өлеңін жазады. Мағжанның абақтыда болған кезін сахналық
көрініспен біздің оқушыларымыз көрсетті. Мағжан рөлінде болған-Бірлік Данияр,
ала Мағжанның анасы бейнесінде-Қуанышпекова Гүлім.
Сахнаға 11-сынып оқушылары М.Көжеков,
З.Блялова, Д.Толегенов шығып Мағжан
Жұмабаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқиды. Содан кейін 11-сынып оқушысы Бірлік
Данияр «Жаса,жаса қазақ тілім» әнін орындады.
Иә, Мағжан өзі айтқандай, арыстандай
алысып, жолбарыстай қарысып, әділдік, бостандық үшін күресіп өтті. Ақын мұрасы
ұшан- теңіз.Әрине, Мағжанды бір ғана сағат оқып білуге болмайды.Оны жылдар,
ғасырлар бойы оқып үйренуіміз қажет. Біз бүгін Мағжанның қысқа да болса өнегелі
өміріне шолу жасадық. Мағжанның өмірі бәрімізге өнеге. Ол батылдыққа,
адамгершілікке, ұлылыққа шақырды. Қазақтың дарабоз ақыны Мағжан өмірден өтсе
де, оның өмірі, өлеңі мәңгілік жас ұрпақ жадында жатталып қала бермек.
Партизанка орта мектебінің қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Карбаева