"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Партизанка ауылының жалпы орта білім  беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Партизанка отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области" 

Әлеуметтік желілер

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«iTest: Үздік нәтиже» байқауы

07.02.2019

Өткізу уақыты: 01.02.2019 – 21.07.2019

Бас жүлде:

 

  1. Еліміздің үздік университеттерінде оқу гранты.

  2. Байқаудың жалпы рейтингі бойынша 50 жеңімпазға кепілді жүлде.

1) Байқаудың жалпы ережелері:

 

1. Атауы – «iTest: Үздік нәтиже» байқауы, (ары қарай – Байқау).

2. Байқау Қазақстан Республикасының аумағында өтеді.

3. Байқау екі кезеңге бөлінген:

3.1. «iTest: Ең үздік нәтиже» байқауының онлайн кезеңі: іріктеп алынған ең үздік 50 қатысушы демеушілерден кепілді сыйлықтар алады. Байқаудың онлайн кезеңі itest.kz платформасында, ғаламтор желісі арқылы өтеді.

3.2. «iTest: Ең үздік нәтиже» байқауының офлайн кезеңі: Алматы қаласында өтеді. Байқаудың 50 жеңімпазы қатарына кіретін және ресми ҰБТ-да шекті балл алған 11-сынып оқушылары бас жүлде – еліміздегі үздік университеттерде оқу грантын жеңіп алу мүмкіндігіне ие болады.

3.3. Грантқа талас Алматы қаласында грант ұсынған университеттің ғимаратында емтихан түрінде өтеді.

3.4. Грантқа таласу үшін Алматы қаласына келуге мүмкіндігі жоқ 11-сынып оқушылары онлайн кезеңнің шарттары бойынша кепілді сыйлық алады.

 

2) Байқаудың мақсаттары:

 

Байқаудың мақсаттары:

  • Цифрлық Қазақстан бағдарламасы аясында оқушылардың білімін көтеру.
  • Оқушыларды ҰБТ емтиханын тапсыруға ынталандыру.

  • Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау.

 

3) Байқауға қатысушылар:

  1. Байқауға 9,10,11 сыныпта оқитын мектеп оқушылары, орта және арнайы білім беретін мекемелер мен жоғары оқу орындарының 1 курс студенттері қатыса алады. Байқауға қатысушы Қазақстан Республикасының азаматы болуы шарт.
  2. Байқауға қатысу барлық қатысушылар үшін ТЕГІН.
  3. Itest.kz сайтындағы қатысушы сауалнамасындағы барлық деректердің дұрыс толтырылуына қатысушы толықтай жауапты. Деректер дұрыс толтырылмаған жағдайда ұйымдастырушылар сауалнаманың күшін жоюға және қатысушының нәтижесін Байқау рейтингінен алып тастауға құқылы.
  4. Байқауға Ұйымдастырушылармен ортақ үлесі бар тұлғалар жіберілмейді.

 

4) Байқаудың басталу және аяқталу кезеңдері:

  • Байқаудың басталатын күні: 2019 жылдың 1 ақпаны.
  • Байқаудың аяқталатын күні: 2019 жылдың 20 маусымы.

  • Байқау екі басты кезеңнен тұрады – онлайн кезең, оның нәтижесі бойынша рейтингідегі үздік 50 қатысушы марапатталады және офлайн кезең, онда оқу грантын жеңіп алу үшін ұтыс ойыны қарастырылған.

  • Онлайн кезеңде жүлде алатын Байқау көшбасшыларын марапаттаудың 3 мерзімі қарастырылған. Аралық кезең жеңімпаздарын марапаттау келесі мерзімдерде жүргізіледі:

  • Бірінші мерзім (1 ақпан мен 20 наурыз аралығында – 1 жеңімпаз);

    Екінші мерзім (21 наурыз бен 20 мамыр аралығында – 1 жеңімпаз);

    Үшінші мерзім (21 мамыр мен 20 маусым аралығында – 1 жеңімпаз).

  • «iTest: Үздік нәтиже» Байқау рейтингінің 50 жеңімпазы қатарына кіретін және ресми ҰБТ-да шекті балл алған Қазақстан Республикасы мектептерінің 11-сынып оқушылары үздік университеттердің бірінде оқу грантының ұтыс ойыны байқауына қатысуға мүмкіндік алады.

 

5) Байқауды өткізу тәртібі:

1. Байқауға қатысу үшін қатысушы itest.kz сайтына тіркелуі, Байқау Ережелерімен келісетінін мақұлдауы және қатысушы сауалнамасын толтыруы тиіс.

2. Байқауды өткізу барысында ҰБТ-ның екі түрі қолданылады – Сынақ ҰБТ және Байқау ҰБТ.

2.1. Сынақ ҰБТ-ға Байқаудың барлық қатысушысы жіберіледі. Ол дайындық үшін және Байқау ҰБТ-ға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында қолданылады; Сынақ ҰБТ-ның нәтижесі Байқау рейтингінде ескерілмейді.

2.2. Байқау ҰБТ – нәтижесі Байқау рейтингінде ескерілетін тестілеу. Қатысушы тек 3 рет Байқау ҰБТ-ны тапсыра алады.

2.3. Әр 5-Сынақ ҰБТ-дан кейін қатысушы бір Байқау ҰБТ-ны тапсыруға мүмкіндік алады.

2.4. Байқау ҰБТ-ны әр 5-сынақтан кейін тапсыру міндетті емес, Байқау ҰБТ-ның нәтижесі қорытынды рейтингіде көрінеді. Қатысушыға Сынақ ҰБТ-ны тапсыруға шексіз мүмкіндік берілген.

 

3. Байқаудың онлайн кезеңі 01.02.19 – 20.06.19 аралығында өткізіледі, жалпы қатысушылар рейтингі мен аралық жеңімпаздарды анықтау мерзімдері бар.

3.1. Жалпы рейтинг барлық 3 Байқау ҰБТ-ны тапсыру нәтижесін көрсетеді.

3.2. Барлығы үш аралық мерзім белгіленген:

  • Бірінші мерзім (1 ақпан мен 20 наурыз аралығында) – №1 Байқау ҰБТ-ның нәтижесі ескеріледі;

  • Екінші мерзім (21 наурыз бен 20 мамыр аралығында) – №2 Байқау ҰБТ-ның нәтижесі ескеріледі;

  • Үшінші мерзім (21 мамыр мен 20 маусым аралығында) – №3 Байқау ҰБТ-ның нәтижесі ескеріледі. Әр мерзімнің көшбасшылары сыйлықтармен марапатталады.

3.3. Әр мерзімнің жеңімпаздарын анықтау Байқау ҰБТ-ның сәйкес мерзімі нәтижесіне сай жүргізіледі: Бірінші мерзім – №1 Байқау ҰБТ, Екінші мерзім – №2 Байқау ҰБТ және т.с.с.

3.4. Байқау рейтингінің 50 жеңімпазы қатарына кіретін қатысушылар демеушілердің арнайы сыйлықтарымен марапатталады.

 

4. Байқаудың офлайн кезеңі Алматы қаласында 05.07.19 – 15.07.19 аралығында, Алматы қаласында өткізіледі.

4.1. Бұл кезеңде Байқаудың 50 жеңімпазы қатарына кіретін, мемлекеттік ҰБТ тапсыру нәтижесі бойынша шекті балл алған және 11-сынып оқушысы болып табылатын қатысушылар университеттің ішкі Байқауына қатысады.

4.2. Ішкі Байқаудың жеңімпазы бас жүлдені, яғни еліміздің үздік оқу орындарының бірінде оқу грантын жеңіп алады.

 

6) Жеңімпаздарды анықтау:

  1. Байқаудың жалпы рейтингінің жеңімпаздары 3 Байқау ҰБТ-ның орташа балының нәтижесі бойынша анықталады.
  2. Әр мерзімнің жеңімпаздарын анықтау Байқау ҰБТ-ның сәйкес мерзімі нәтижесіне сай жүргізіледі: Бірінші мерзім – №1 Байқау ҰБТ-ның, Екінші мерзім – №2 Байқау ҰБТ-ның және т.с.с.
  3. Әр мерзім жүлдесінің ұтыс ойынына қатысу үшін осы мерзім аяқталғанша сәйкес Байқау ҰБТ-ны өту қажет.
  4. Байқаудың сәйкес мерзімінде рейтингінің алғашқы 3 орынын алған қатысушылар жүлделермен марапатталады.
  5. Байқаудың көрсетілген мерзімдерінде көшбасшылар арасында ең жоғары балл көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, сәйкес мерзімде Байқау ҰБТ-ны өтуге кеткен уақыт та ескерілетін болады.
  6. Бірнеше қатысушы арасында жалпы рейтингінің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, жалпы үш Байқау ҰБТ-ны тапсыруға кеткен орташа уақыт ескеріледі.

 

7) Жеңімпаздарды марапаттау:

  • Сәйкес мерзім рейтингінің алғашқы 3 қатысушысы жүлделермен марапатталады.
  • Байқау Мерзімдері бойынша рейтингінің басында тұрған көшбасшыларды марапаттау әр мерзім аяқталғанда жүргізілетін болады.

  • Байқаудың нәтижелері мен онлайн кезеңнің жалпы рейтингінің жеңімпаздары bilimland.kz сайтында 2019 жылдың 21 маусымында жарияланады.

  • Байқау шарттары бойынша оқу грантының ұтысына немесе Байқаудың екінші кезеңіне қатыса алмайтын онлайн кезеңнің жеңімпаздарына берілетін сыйлық поштамен жіберіледі. Сыйлықтарды табыстау Байқау нәтижелері анықталғаннан кейінгі 1 ай ішінде жүзеге асырылады.

  • Ресми ҰБТ-да шекті балл алған Байқаудың онлайн кезеңінің жеңімпаздары бас жүлденің ұтыс ойынына қатысу үшін Алматы қаласына келулері керек. Грант ұсынып отырған оқу орынның ішкі Байқауының нәтижесі бойынша оқу грантын жеңіп алған жеңімпаз марапатталатын болады. Жолға және жатын орнына кететін қаражатты Байқау қатысушыларының өздері көтереді.

 

8) Байқауды ұйымдастырушылар және демеушілер:

  • Байқаудың Бас ұйымдастырушысы әрі демеушісі – Bilim Media Group компаниясы.
Просмотров: 437


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст