Тіл апталығы аясында өткізілген 4 «Б» сыныбындағы «Білгіштер бекеті»-атты сайысы
Аудан білім бөлімінің жоспарына сай. Партизанка ОМ КММ-де тіл апталығының жұмыс жоспары құрылды. Бұл жоспарға сай 10.09.2019 оқыту орыс тілінде жүретін 4 «Б» сыныбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты:
Мақсаты: Оқушылардың өз ұлтына еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру,
жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір – қасиетін дарыту,
туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған аға-ұрпақ өкілдерінің еңбектерінен оқып үйрену.
қазақ тілінің мәртебесін көтеру оқушыларды тез ойланып жауаптарын тиянақты жүйелі айта алуға
топ алдында еркін сөйлеуге баулу.
Іс-шара барысында оқушылар екітопқа бөлініп, жарысты. Сайыс-сабақ 6-кезеңнен тұрды:
«Шатасқан сөздер»
«Жұмбақстар әлемінде.»
«Кім тапқыр?»
«Не артық?»
«Сұрақ-жауап»
«Сөзжұмбақ әлемінде»
Әр кезенде оқушылар бастауыш сынып бойынша алған білімдерін көрсетуге тырысты, «Жұлдыз» және «Күншуақ» командалары белсене қатысты. Сайыс қорытынды бойынша жеңіске жеткен «Жұлдыз» командасы. Қорыта айтканда, іс-шара өте көңілді және қызықты өткізілді.
«Партизанка ОМ» КММ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Тулеубаев Б.Ж