Текст
1995 жылы 16 қараша ЮНЕСКО-ның бастамасымен толеранттылық принцпінің декларациясы қабылданды. Декларация бүкіл адамзатты соғыс пен қантөгістен алыс тұрып ізгілік мәдениетіне бастайтын құжат болып белгіленді. Араға екі жыл салып дәлірек айтқанда 1997 жылы «16 қараша» халықаралық толеранттылық күні болып жарияланды. Толеранттылық декларацияға сай адам баласы ұлт пен ұлысқа, аймағына, шығу тегіне, діні мен тіліне байланысты ешқандай кемісітуге жол бермейді.