"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Партизанка ауылының жалпы орта білім  беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Партизанка отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области" 

Әлеуметтік желілер

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Достық-бейбіт өмірдің негізі

04.02.2020

Бала кезімізде тіл ұшымен кешірім сұрай салу көбіміз үшін жеңіл болатын. Әcipece мұғалім алдында «екінші рет бұлай істемеймін» деп таңдайымыздан шаң шығарып тақ ете түсетінбіз. Түк те те қиындығы жоқ. Бipaқ есейе келе кешірім сұрау деген үлкен өнер, ішкi дүние мәдениеті екенін анғардық.

Шындығында кешірім cұрау — бұрыннан қабылданып қалған сыпайылық дәстүрі ғана емес, адам психикасын қалпында ұстап тұратын. қарым-қатынас тұрақтылығы үшін өте қажет нәрсе. Кешірім түсінбеушіліктің алдын алып, қателіктердің алдағы уақытта орын алмауының өзінше бір  шарасы. Кешірім біздің  психикалық саулығымыз үшін де аса қажет. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, шынайы кешірім сұраған адамның да, шынайы кешіре білген адамның да бойы жеңілдеп, қан қысымы қалпына келіп, жүрек соғысы мен тыныс алуы орнықты болатын көрінеді. Сондықтан дер кезінде, қажетті уақытында «кешір!»деу қарым— қатынасты жақсартып кана қоймай, денсаулыққа да оңды ықпал етеді екен. Дегенмен біздің әрқайсымыз-ақ түрлі жағдайға тап келіп,  кешірім өтіну керек болған жағдайда ол сөз тамағымызға кептеліп, тіл бұралып, жанымыз қиналып кетеді. Неліктен бұлай болады? Себебін талдап көрейік.

Баланы кішкене кезінен кешірім  сұрауға ғана емес, өзінің дұрыс емес қылықтарына жауап беру керектігіне де үйретеміз. Шындығында бір нәрсеге кінәлі болу  жағдайды шиеленістіріп  жібереді. Адам бойында кері реакция пайда болады да одан құтылудың қандайда  бір жолын іздестіреді. Қорытындысында өшпенділік механизмі қалыптасады: өзімізді өзіміз кінәлаймыз, өзімізді кешіре алмаймыз. Осы мінезіміз кешірім сұрауға кедергі келтіреді. Бойымыздағы агрессия енді өзімізді өкпелеткен адамға бағытталады. «Шешем маған өкпелі болса, мен де оған өкпелімін» деген бала кездегі сезім қайта оралады. Енді кешірім сұраудың орнына кінәласу, одан кейін өз қылығыңды кез келген  жолмен ақтау үрдісі жүреді. Ол ой еріксіз мида орнығып қалады да осы мінезден арыла алмай қаламыз.

Мұндай  ой шеңберінен шығу керек. Ол  үшін кінәласудың орнына өз қылығына өкіну басымдырақ болса жеткілікті. Кінәласу  бізді өзіне тәуелді етіп қояды, біреуді кінәлау арқылы  біз өз ағзамызды улап тастаймыз. Өзгеге деген ренішіңді ми өзінде сақтап қалады да ол туралы әңгіме қозғалғанда қанға стресс  гармондары құйылады, бойда үрей мен қорқыныш пайда болады.

Біреуді лезде кешіре салу қиын. Бір жағынан бірден кешіре салсаң, онда ол бұдан кейін сенімен көп есептесе қоймайды. Бұл да дұрыс емес. Онда имидж қалай болғаны? Ал екіншіден, оның кешірімін қабылдамасаң, бірақ қарым-қатынасты үзгің келмесе, онда тағы да тығырыққа келіп тірелесің. Егер араларында ештеңе болмағандай араласа берсеңдер, тағы да жаның тыныш таппайды. Реніштің болғаны рас қой. Онда өкпеге тағы да басқа сезімдер қосылады.

Кешірім қалай сұралуы керек?

Өкпелей салып кешіру оңай емес. Дегенмен мына жайларды есіңізде ұстаңыз.

-Кез келген адамның тұрмыс-тіршілікте қателік жіберуі мүмкін. Оны дер

кезінде жөндеп отырса оқасы жоқ.

-Сен – бала, сені өкпелеткен адам шешең емес, олай болса,  сен өз

шешіміңе байыппен қарап, талқылауыңа болады.

-Екінші адамның жанды жеріне тимеуге тырыс.

-Оның айтқандарын толық мақұлдамасаң да, толығымен жоққа шығарма.

Оны тыңдамау оның ренішін өршіте түсіреді.

-Тіл ұшымен «кешір» дей салу тыңдап тұрған адамның ашуын қоздырып

жіберуі мүмкін. Сондықтан кешірім сұрағанда екінші адамның жанына      жайлылау тиетін әңгіме өрбіткен  дұрыс.

-Сен кешірім  сұрап тұрған да ол саған қарсылық реакңиясын білдіріп,

өзінің сен туралы жаман ойлайтындығын айтып салуы  мүмкін. Сондықтан қарсы шабуылға шығып кетпей, байыпты болғаныңыз дұрыс.

Кешіре білу де - өнер...

Сеніп жүрген адамыңыз сізді сатып кетті ме? Немесе біреу сіз туралы өсек-әңгіме таратты ма? Жұрттың бәрін жақсы адам деп ойлағаныңызбен, олардың көбі сіз ойлағандай болмай шықты ма? Өмір болған соң, бәріміз біреуге ренжиміз, біреуге өкпе артамыз. Бірақ, осындай кезде бізге бір нәрсе жетіспей жатады - кешіре білу. 

Мұндайда жаныңыздың күйзеліске түсуі табиғи әрі қалыпты жағдай болғанымен, кейде сол күйден арылуымызға ұзақ уақытымызды жұмсап, өткенге қайта-қайта оралып, ренішті босатуға деген құлшынымыз болмай жатады. Үнемі еңсеңіз түсіп жүрген соң, сіздің айналаңыздағы адамдармен өзара қарым-қатынасыңыз бұзылып, үйде, сабақта, жұмыста бәрі күрт нашарлап кетеді. Мына әлемнің сұлулығын сезіне алмай, қайғырып, зіл қара тасты иығымызға салып алғандай болып, тұйық бір әлемге еніп кетіп жатамыз. Ол ауырлықтан құтылып, тек алға жылжып, бақытқа жету үшін кешіруді үйренгеніңіз жөн.

Кешірім өміріңізді өзгертуі мүмкін! Кешіре білу өткеніңізді өшіріп тастау, болған нәрсенің бәрін ұмыту деген сөз емес. Кешіру - өкпені, иықтағы ауырлықты бостандыққа жіберіп, өмір өзенімен әрі қарай жылжу. Бұл оңай емес, дегенмен, үйренуге болады.

Болған оқиғаны жайына қалдыруға тырысыңыз. Бәлкім, бұл бірден қолыңыздан келе қоймас, бірақ, уақыт өте келе, бұны да үйреніп аларсыз. Ең алдымен, шын мәнінде неге өкпелі екеніңізді анықтап алыңыз. Шындықтың бетіне тура қараңыз! 

Жағдайды жақсылап таразылаңыз. Бір парақ қағаз алып, төмендегі сұрақтарға жауап жазып шығыңыз:

-Шын мәнінеде неге өкпелісіз?

-Қандай сезімдесіз? (ашу, өкпе, жиіркеніш, ыза, кек)

-Сіз ол адам туралы қаншалықты жиі ойлайсыз?

-Сіз ол адамнан не күттіңіз?

-Сіздің ренішіңіз қандай мәселелерді туғызады?

- Өзгемен қарым-қатынасыңызға, үйде, жұмыста  бұл кері әсер ете ме?

-Өзіңізді осы үшін бақытсыз сезінесіз бе?

Енді жауаптарыңызды  мұқият оқып, таразылаңыз. Кешіре білудің құндылықтары сізді қалай бақытты ететіндігін, ауыр жүктен арылтып, өмірге деген жаңа көзқарас қалыптастыратындығын ойлаңыз! 

Таңдау тек сіздің қолыңызда! Сіз өзіңіздің іс-әрекетіңізді және ойыңызды қадағалай аласыз. Өзекті өртеп, өкіндіретін өткенге оралмау да, алға жылжуда өз қолыңызда. Оған сіздің күшіңіз толық жетеді. Сол оқиғаны ойлауға күніне қанша уақыт кететінін есептеп көріңіз. Оны 365-ке көбейтсе ше? Иә, солай! Құр, әурешіл сезімге осыншама уақытыңызды текке жұмсап жүрсіз.

Түсінуге  тырысыңыз. Былай жасаңыз: Сізді ренжіткен адамның орнына өзіңізді қойып көріп, неге олай жасағанын түсінуге тырысып көріңіз. Оның орнында болғанда өзіңіз не істер едіңіз? Жағдайды өзіңіздің жағыңызға шығарып алмай, шыншыл болыңыз.  

Өз жауапкершілігіңізді мойындаңыз. Болған жағдайға сіз де жауаптысыз. Өзіңізді кінәлаудың да, өзгенің әрекетіне жауап берудің де қажеті жоқ. Сіз болған жағдайдың құрбаны емес, қатысушысысыз!

Қазіргі шақты көбірек ойлаңыз. Қашанда  өткенді ойлай берудің орнына, болатын  нәрсе болды деңіз де, қазіргі шақты көбірек ойлаңыз! Қазір не істеп жатырсыз? Сізге не қуаныш сыйлай алады?  Болған жағдай есіңізге түсе қалса, бірден осы шаққа  оралуға әрекет жасаңыз.  

Рақымдылық пен татулық. Оны кешіріңіз. Сол кешірім арқылы бақытқа кенеліп, алға жылжи алатыныңызды мойындаңыз! Оны түсініңіз және бақыт тілеңіз. Оған сүйіспеншілікпен қарасаңыз, әлем де сізге солай қарайтын болады.

Кешіре білу де - өнер. Кешірімді болыңыз! Десек те, ешқашан бір-бірімізді ренжітпеуге тырысайық! Әлбетте, мына жалған бес күндік...

Просмотров: 389


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст